Зілзала 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 20:25 кезінде болған.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл көлемінде сезілген.
«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ» деп мәлім етті Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
Еске салайық, өткен желтоқсан айында Алматы маңайында бірнеше рет жер сілкінісі тіркелген болатын. Ал 28 желтоқсан күні сағат 23:17-де болған дүмпуді Алматы қаласының тұрғындары сезді. Қуаты - 2-3 балл.
Фото: www.aa.com.tr