Анадолы сілтеме жасаған Ауғанстанның Pajhwok агенттігінің хабарлауынша, Кунар және Пактика провинцияларына соққы жасалған. Ауғанстан әкімшілігінің ресми өкілі Забихулла Муджахид шабуыл салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар да зақымдалғанын хабарлады.
Ауған тарапы әуе шабуылдарын айыптап, жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.
Пәкістан СІМ өз кезегінде Ауғанстан шекарасында содырлардың лагерлері мен жасырынған жерлеріне «нүктелік және таңдамалы» соққы жасалғанын айтты. Исламабадтың пікірінше, үш нысана, соның ішінде жанкештілерді даярлау орталығы және 28 содырдың көзі жойылды.
Пәкістан тарапы сонымен қатар бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымға зиян келтірмеу үшін шаралар қабылдағанын айтады.
Бұған дейін Ауғанстан Пәкістанды Кабулдағы есірткіге тәуелділерді оңалту ауруханасына жасалған әуе шабуылында кем дегенде 400 адамның қазасына себеп болды деп айыптағанын жазған едік.
Пәкістанның қауіпсіздік күштері 28 маусымда Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясында құрлықтағы арнайы операция жүргізіп, 29 содырдың көзін жойды.