Ауғанстанда жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 15 қарашада Астана уақытымен сағат 22:48–де Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы хабарлады.

Фото: Anadolu Agency

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 болған. Ошақ 162 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 36,41 градусы мен шығыс бойлықтың 70,74 градусы аралығында тіркелді. Энергетикалық класы — 12,4.

Оқиғаның Қазақстан аумағында сезілгені туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Қытайдың батысында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді.