Ауғанстанда жер сілкінді

Фото: kndc.kz

АСТАНА. KAZINFORM — 20 ақпанда Ауғанстанда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҰЯО ГЗИ Деректер орталығы хабарлады. 

ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес 2026 жылы 20 ақпан күні Астана уақыты бойынша 18 сағат 09 мин. (Гринвич бойынша 13 сағат 09 мин.) Ауғанстанда жер сілкінісі болды.

Эпицентр координаттары солтүстік ендік 35,95 градус, шығыс бойлық 69,63 градус. Магнитудасы mb = 5,8. Энергетикалық класс K = 13,9. Тереңдігі h = 138 км.

Бұған дейін Ауғанстанда жер сілкінісінен 7 адам көз жұмып, 320-дан астам адам жараланғаны туралы жазған едік

Айта кетелік Ауғанстанда қалың қар мен нөсер салдарынан 61 адам көз жұмған еді

Сонымен қатар БҰҰ 2026 жылы Ауғанстандағы аштық дағдарысы ушығады деп ескерткен еді

Еске салсақ 17 ақпан күні Алматыда жер сілкінген еді