Ауғанстанда жер сілкінісі болды
20:17, 19 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — 19 тамыз күні Астана уақытымен 10:19-да (Гринвич уақытымен 05:19) Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» ШЖҚ РМК Деректер орталығының жедел мәліметтері растайды.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі: солтүстік ендік бойынша 36.79 градус, шығыс бойлық бойынша 70.63 градус.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4.8 mb.
Энергетикалық класы – K=13.1.
Зілзаланың тереңдігі – 194 шақырым.
Бұған дейін хабарланғандай, Камчаткада жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.
Сонымен қоса Түркияда үш күнде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды.
Ал Қырғызстандағы жер сілкінісі Қазақстанның үш аумағында сезілгені анықталды.