Ауғанстандағы 6,2 балдық жер сілкінісі еліміздің оңтүстігінде де сезілді

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 км оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 36.843º, шығыс бойлық 67.364º. Тереңдігі - 120 км.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. MPV магнитудасы - 6.2.

Есептік қарқындылығы (баллмен):

Шымкент қаласында — 2 балл;

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы — 2 балл, 437 км;

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қ. — 2 балл, 446 км;

Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қ. — 2 балл, 493 км.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Айта кетсек, Түркия мен Армения шекарасында жер сілкінісі болды. Содан кейін Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында да жерасты дүмпуі тіркелді.