Ауғанстанның солтүстік-шығысында 5,4 балдық жер сілкінісі болды

КАБУЛ. KAZINFORM – Жер сілкінісінің ошағы Бадахшан провинциясының Ишкашым аймағында болды, деп жазады Анадолы.

Фото: pexels.com

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10.26-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Ишкашым ауданында, ошағы 224 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісі салдарынан болған шығын туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

Жер сілкінісі Кабулда, Ауғанстанның солтүстік провинцияларында және көршілес Тәжікстан мен Пәкістанда да сезілді.

Гиндукуш тау жоталарында орналасқан Бадахшан провинциясында жер сілкінісі жиі болып тұрады.