– PISA нәтижелеріне сәйкес, 2018 жылмен салыстырғанда 2022 жылы қала мен ауыл арасындағы математика және жаратылыстану ғылыми сауаттылық бойынша білім алшақтығы 5 балға қысқарды, – деді Ж. Сүлейменова елордада Тәуелсіздік сарайында.
Министрдің айтуынша, ауыл оқушыларының республикалық олимпиадаларға қатысу белсенділігі де артып келеді.
– Ауыл оқушыларының арнайы республикалық олимпиадаға қатысуы 85 мың оқушыдан 125 мың оқушыға дейін өсті. Сонымен бірге 1149 ауыл оқушысы медаль иегері атанды, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Мектепке дейінгі біліммен қамту республика бойынша 70%-ға жетсе, ауылдық жерде 86%-ға жеткен.
– Инфрақұрылымдық қолдау ауылдағы оқушы мен ұстаздың күнделікті өмірінде нақты сезіліп, білім сапасы мен нәтижесіне тікелей әсер етіп отыр, – деді Оқу-ағарту министрі.
Бұған дейін сала министрі
Айта кетейік, елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен педагогтердің Тамыз конференциясының пленарлық отырысы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам білім саласының қызметкерлері мен еңбек ардагерлері қатысып отыр.
Қазақстанда 2019 жылдан бері 511 жаңа ауыл мектебі салынған.