Ауыр атлет Аңсар Тұрсынбек елордадағы Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыр атлетикадан елордадағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан ерлер құрамасының атынан Аңсар Тұрсынбек өнер көрсетті. 

Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті. 

Қоссайыстың қорытындысы бойынша Аңсар 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды. 

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді - 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты - 324 (152+172) келі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денис Полубояриновтың Азия рекордын жаңартып, елордадағы турнирде жеңіс тұғырына көтерілгенін жазған едік.