Ауыр атлет Аңсар Тұрсынбек елордадағы Азия чемпионатында күміс жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыр атлетикадан елордадағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан ерлер құрамасының атынан Аңсар Тұрсынбек өнер көрсетті. 

Фото: ҰОК

Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті. 

Қоссайыстың қорытындысы бойынша Аңсар 326 (144 182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды. 

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді - 334 (151 183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты - 324 (152 172) келі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денис Полубояриновтың Азия рекордын жаңартып, елордадағы турнирде жеңіс тұғырына көтерілгенін жазған едік.