Бұл сында Қазақстан намысын Артем Антропов қорғады.
Отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 393 келіні көтерді.
Жұлқа көтеруде Артем 167 келіні бағындырса, серпе көтерудегі үздік нәтижесі 226 келі болды. Осылайша, қазақстандық зілтемірші жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.
Өзбекстан өкілі Акбар Джураев алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 432 (198 234) келі көтерді. Күміс жүлде 418 (185 233) келі көтерген ирандық Алиреза Насириге бұйырды. Ал Түрікменстан спортшысы Шахзадбек Матякубов 417 (187 230) келі көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Нинбодағы әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болған еді.