Ауыр атлет Нұржан Жұмабай Азия рекордын жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM – Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұржан Жұмабай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды.
79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде алтын медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Жұмабай ең сәтті мүмкіндігінде 146 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.
Екінші орын Бахрейн өкілі Эдриан Граньяға (142 келі) бұйырды. Үшінші нәтиже көрсеткен Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жумабаев (138 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, ауыр атлет Ксения Прозорова жасөспірімдер Азиадасында екінші медалін жеңіп алды.
Әлихан Әскербай жаңа әлем рекордын орнатты.
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлдегер атанды.