АСТАНА. KAZINFORM – Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Әмір Омарханов ертең америкалық Матисс Фарзаммен (45 ITF) ойнайды.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 39-сатыдағы Заңғар Нұрланұлының алғашқы қарсыласы – аустралиялық Николас Бейкер (306 ITF).
Ә.Омарханов өткен жылы Аустралия біріншілігінде жекелей сында ширек финалға жеткен болатын. Ал З.Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет бақ сынамақшы.
Жасөспірімдер арасындағы жарыс 18-25 қаңтар аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның 17 жастағы теннисшіден айласын асырғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина микстегі кездесуін сәтті өткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).