Australian Open: Анна Данилина микстегі кездесуін сәтті өткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас жұпта Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Анна Данилина
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге бастапқы кездесуін канадалық Габриэла Дабровски – бельгиялық Сандер Жиллемен өткізді.

Қазақстандық-финляндиялық жұп 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды.

Бір сағат 16 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 10 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Дабровски – Жилле 2 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина – Харри Хелиоваараның келесі қарсыластары кейін анықталады. 

Аталған дуэт 2023 жылы микстен АҚШ чемпионы атанып, айды аспанға шығарған еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның АҚШ чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Аустралия чемпионатында үшінші айналымға жолдама алды. 

Елена Рыбакина 17 жастағы теннисшіден айласын асырды.

Соңғы жаңалықтар