Теннис: Анна Данилина микстен АҚШ чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
ФОТО: ҚР Теннис федерациясы

Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3.

Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Бейбіт Жұқаевпен сұхбат шығып, ол ракетканы алғаш 7 жасында қолға алғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирінің финалына 36 рет шығып, өз рекордын жаңартты.


Соңғы жаңалықтар