Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ширек финалға шықты

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-інші, ал оның қарсыласы, ресейлік Савва Рыбкин 13-орында еді.

Екеуі де өз елдерінің 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткалары болатын.

Бірінші партияда Заңғар айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Екінші сетте Нұрланұлы есеп 5:3 болғанда, матчқа доп бергенімен, өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен бәсекені тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Осылайша, қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты.

Заңғар Нұрланұлы Мельбурнда жартылай финалға шығу үшін Гонконг өкілі Кай Томпсонмен таласады. Ол ширек финалда румыниялық Матей Тодоранды жолдан тайдырды – 7:6 (13:11), 6:3.

Өткен жылы Заңғар АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, тарихи нәтижені тіркеген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Рыбакинаның әлемнің 2-ракеткасын ұтып, жартылай финалға өткенін жазған едік.