АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 39-орында тұрған З.Нұрланұлының бұл «Үлкен дулыға» турниріндегі беташар кездесуі еді.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 306-орында тұрған Аустралия өкілі Николас Бейкермен кездесті.
Бірінші партияда Заңғар 6:2 есебімен басым түсті.
Екіншісінде корт иесі есе қайырды - 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Заңғар Нұрланұлы жеңісті жұлып алды - 6:3.
Тартысты матч 2 сағат 7 минутқа созылды.
З.Нұрланұлы спорттық жолында аустралиялық ойыншылардан ұтылып көрген емес.
Жасөспірімдер арасында Қазақстаннан сондай-ақ Әмір Омарханов бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлының қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).