09:36, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Australian Open: Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлының қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Әмір Омарханов ертең америкалық Матисс Фарзаммен (45 ITF) ойнайды.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 39-сатыдағы Заңғар Нұрланұлының алғашқы қарсыласы – аустралиялық Николас Бейкер (306 ITF).
Ә.Омарханов өткен жылы Аустралия біріншілігінде жекелей сында ширек финалға жеткен болатын. Ал З.Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет бақ сынамақшы.
Жасөспірімдер арасындағы жарыс 18-25 қаңтар аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның 17 жастағы теннисшіден айласын асырғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина микстегі кездесуін сәтті өткізді.