Аустралияда су тасқынынан 800-ге жуық ғимарат қирады
12:15, 27 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында су тасқынынан толығымен қираған үйлердің саны 800-ге жуықтады, деп хабарлайды Report.
—5 мыңнан астам шығынды бағалау шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 794 үй тұруға жарамсыз деп танылды, - деп жазады басылым.
Басылымның мәліметінше, табиғи апат салдарынан бес адам қаза тапқан.
Аустралияның 10 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды.
Еске сала кетейік, Аустралияда ғасыр тасқыны: мыңдаған үйлер жарықсыз қалды, адамдар шатырда отыр.
Аустралияда биліктің рұқсатымен 700 коала атылды.