«Биыл ауыл шарушылығын қолдауға бөлінген 450 млрд теңгеден бөлек, қосымша ірі жобаларды қолдауға бағытталып 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 65 сүт фермасын құру бар. Қолдау аясында фермерлердің 2,5% кредитті 10 жылға алу мүмкіндігі бар. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» атты шағын несие бағдарламасы іске қосылған. Оған да 100 млрд теңге бөлінді. Мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру», - деді Рүстем Құрманов Ақмола облысында өтіп жатқан «Jańa Dala» мамандандырылған көрмесінде.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы - экономиканың локомотиві.
«Ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы өндірушілер мен шаруалардың заман сұранысына бейімделіп, оған сай жұмыс істей алуына байланысты. Ол дегеніміз - цифрландыру, заманауи технологияға көшу және трансформация. Біздің министрлік бизнес ортамен бірлесіп жұмыс істегісі келеді. Сол сияқты отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестігін арттыру бағытында бірлесіп әрекет етуге дайынбыз», - дейді ол.
Бұған дейін жемшөп, жеміс-жидек және көкөніс өсірушілерге арналған 6% лизинг туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, бүгін-ертең Ақмола облысында дәстүрлі «Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.