«Бұл қызметті штаттық тұрғыда күшейту мәселесі пысықталып жатыр. Ауылдағы әрбір учаскелік инспекторға бір көмекші бекіту жоспарланып отыр. Ол жерде көмекші ерекше керек болып тұр, себебі учаскелік инспектор полициядан алшақ орналасқан бірнеше елді мекенге қызмет көрсетеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша учаскелік инспекторлар мен көмекшілерінің штаты ішкі резервтер арқылы тағы да мыңнан астам қызметкерге артуы ықтимал. Қазір учаскелік инспекторлар штаты 5 900 қызметкермен алмастырылған, ал көмекшілер саны 600-ден асқан.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мұрат Баймұқашев учаскелік полиция жұмысының тиімділігін арттыру жоспары туралы айтты.
Учаскелік инспекторлар іс-қимылының арнайы алгоритмі әзірленді.