ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Егор Шерер ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Е.Шерер Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада 20 жасқа дейінгі жастар арасында 81 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың қорытындысымен 325 (150 175) келіні бағындырған ауыр атлет үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі), Әлішер Байбуров (67 келі), Денис Полубояринов (81 келі) алтын медаль алды.
Сондай-ақ Надежда Ли (64 келі), Аружан Дәулетова (71 келі), Алексей Чуркин (73 келі) күміс медальға қол жеткізді.
Ал Ерасыл Омаров (55 келі) пен Азамат Төлеген (61 келі) қола жүлдегер атанды.
Құрлықтық додаға ұлдардан 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды. Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.