Авиациялық қауіпсіздік: Қазақстан әлемдегі үздік 20 елдің қатарына енді

АСТАНА. KAZINFORM — Елдегі әуежай қауіпсіздігі 95,7% болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

— Қазақстан ИКАО талаптарына жоғары деңгейде сәйкес келеді. Әуежай қауіпсіздігі 95,7%, әуе компанияларының қауіпсіздік деңгейі 82%. Осы нәтижелердің арқасында еліміз авиациялық қауіпсіздік бойынша әлемдегі ең үздік 20 мемлекеттің қатарына кірді. Қауіпсіздікті одан әрі арттыру мақсатында Әуе апаттарын тергеу орталығы құрылды, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Оның сөзіне қарағанда, авиациялық әкімшілікке халықаралық деңгейдегі сарапшылар тартылды.

— ИКАО-мен бірлесіп 2050 жылға дейінгі тиісті жоспар әзірленіп жатыр, оны осы жылдың соңына дейін қабылдаймыз, — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстаннан тікелей жүретін халықаралық рейстерді көбейтуді тапсырды