Австралиялық ас үйінен мысықты жеп қойған питонды тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үйлердің бірінің иесі өзінің ас үйінде алып питонды тауып алды. Ол Sunshine Coast Snake Catchers 24/7 арнайы қызметінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Келген мамандар жыланды видеоға түсірді. Мұқият қарағанда, питонның құрбаны көршінің мысығы болғанын көруге болады.
Айта кетейік, жыланның салмағы шамамен 8 келіні құрады, деп жазды informing.ru.