«Автобус құмға батқан»: Алматы облысында құтқарушылар Ұлыбританиядан келген туристерге көмектесті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының құтқарушылары шетелдік туристерге көмектесті. Өзге ел азаматтары мінген автобус жол бойында құмға батып қалған.

Фото: ТЖМ

«Алматы облысының Қонаев қаласында демалыс аймағының жанында ішінде 20 адам бар автобус құмға батып қалған болатын. Олардың барлығы Ұлыбритания мемлекетінен келген туристер еді. Шақыру орнына келген құтқарушылар автокөлікті автожолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында 40 шақты турист мінген автобус апатқа ұшырағанын жазған едік. 

Фото: ТЖМ

Сондай-ақ автобустың аударылып кетуіне жол берген жүргізуші қамауға алынғанын жазғанбыз.