Жергілікті полиция қызметі жыл басынан бері қоғамдық көлік жүретін жолмен жүріп, ереже бұзған 86 мың деректі тіркеді.
Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, көбінесе жүргізушілерге Райымбек көшесінде - 222,9 млн теңге, Төле би даңғылында - 206,3 млн теңге, Абай даңғылында 203,1 млн теңге айыппұл салынған.
7 айда Алматыдағы арнайы автобус жолдарында жүргізушіге 974,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.