Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кездесудің мақсаты – жолаушылар тасымалында тәртіп орнату.
«Петропавлдық жүргізушілер көшеде құлаққап киіп немесе қалта телефонымен сөйлесіп жүретіндердің алаңдататындықтарын айтты. Қалалықтардың мұндай жауапсыздықтары апатқа ұрындыруы ықтимал. Бұл күні бойы рульде отыратын жүргізушілердің қалыпты жұмыс істеулеріне кедергі келтіреді», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ көктайғақтың басталуы да аялдамаларда қосымша қиындықтар тудырады. Соған байланысты жүргізушілер ұдайы құм мен тұз араласқан қоспа себуді өтінді.
«Кездесуде қозғалған барлық мәселелерді полиция бақылауға алатын болады. Бұндай жүздесулер жол қауіпсіздігін арттыруға өз көмегін тигізетіндігі сөзсіз»,- дейді баспасөз қызметінде.
Автор:
Олеся Жуковень