- Өңірлерде инженерлік инфрақұрылым бойынша да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сумен жабдықтау желілерінің 973 шақырымының 632-сі жөнделген. Су бұру желілерінің – 172 шақырымның шамамен 104 шақырымы жөнделді. Төмен көрсеткіштер Алматы қаласында, Ұлытау, Маңғыстау облыстарында орын алып отыр, - деді Е.Нағаспаев Үкімет отырысында.
Сонымен қатар жылыту маусымының тұрақты өтуі мақсатында автономды қазандықтардың дайындығына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Әкімдіктердің мәліметі бойынша қазір 11 200 автономды қазандық дайын, бұл еліміз бойынша 85 пайызды құрады (жоспар 13 168).
- Автономды қазандықтар үшін көмір қоры 51 пайызға дайындалған (1 092 мың тонна - жоспарда 2 145 мың тонна), мазут қоры 91 пайызға (20 мың тонна - жоспарда 22 мың тонна), дизель отыны 30 пайызға (29 мың тонна - жоспарда 74 мың тонна) дайын, - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкіметте жылу беру маусымына дайындығы төмен өңірлер аталды.