Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Отандасымыз қос жаттығудың қорытындысы бойынша 19-орынға тұрақтады.
Аянат Жұмағали жұлқа көтеруде 101 келіні бағындырса, серпе көтеруде 126 келіні еңсерді. Осылайша, қоссайыс қорытындысында 227 келіні көтерді.
Қытайлық Ян Цюся 265 (120 145) келіні көтеріп, әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдені оның отандасы Пэн Цуйтин (262 келі) иеленсе, үздік үштікті мысырлық Сара Ахмед (258 келі) түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Аянат Жұмағали 2026 жылы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді. Сол жарыста қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысы бойынша 246 (109 137) келі көтерген болатын.
Еске салайық, Нинбода өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір медаль бар. Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 399 (182 217) келі нәтижесімен күміс жүлдегер атанған еді.