Жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104 133) келіні еңсерді.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова иеленді — 224 (101 123) келі. Үздік үштікті тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева түйіндеді — 223 (100 123) келі.
Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған еді.