АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Айбар Қайым Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды.
Қазақстандық спортшы қылыш қаруымен айқасудан өткен жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, финалда Қайым венгриялық Кенде Фодорды 15:12 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, бұған дейін садақ атудан Бангладештегі Азия чемпионатында ел қоржынына алтын жүлде түскенін хабарлағанбыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.