Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.
2007–2015 жылдары — «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.
2015–2016 жылдары — «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры.
2016–2022 жылдары — «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.
2022–2025 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.
2025 жылдың қаңтарынан бастап қазірге дейін ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып қызмет атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Ренат Айтаев Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлаған едік.