Айбек Смадияров былтырдан бері Украинаның жаңа Елшісінің бекітілмеуіне қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елімізде біраздан бері Украинаның жаңа Елшісінің бекітілмеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: gov.kz

«Дипломатиялық тәжірибеде бұл қалыпты жағдай. Елшіні жіберетін Украина жағы бұл лауазымға лайық адамды қашан бекітетінін өзідері шешеді», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен апталық брифингіде.

Осы орайда ол Украинаның жаңа Елшісі Қазақстанға қашан келетіні туралы нақты ақпарат жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға сұхбат беріп, тиісті мәлімдеме жасаған еді. Кейін ол ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Былтыр желтоқсан айында Украина жағы өздерінің жаңа елшісінің кандидатурасын ұсынғаны хабарланды.