Айбол Әбікен «Ордабасы» футбол клубында ойын көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық жартылай қорғаушы Айбол Әбікен енді «Ордабасы» футбол клубы сапында ойын көрсетеді.
Бұл жөнінде шымкенттік клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген футболшы бұған дейін «Қайрат» және «Ақсу» клубтарының намысын қорғады. 2020 жылы «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанса, 2017, 2018, 2019 жылдарда күміс, 2021 жылы қола жүлдегер болды.
2022 жылдың жаз айында ол допинг қолдануына байланысты төрт жылға футболдан шеттетілді. Дегенмен ол жеңілдетіліп, екі жылға төмендетілді.
Шымкенттік клуб былтыр өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. Биыл Чемпиондар лигасында сынға түседі.
Сондықтан командада Бекхан Шайзада, Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Еркебұлан Тұңғышбаев, Темірлан Ерланов, Сергей Малый секілді ұлттық құрама футболшылары ойын көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Каспий» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды.