АСТАНА. KAZINFORM - Әйелдер күресінен екінші жарыс күнінде қазақстандық үш балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Ел құрамасынан Лаура Алмағанбетова (57 келі) Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуінде оңтүстік кореялық спортшыны таза жеңді. Лаураның келесі қарсыласы - Жапония спортшысы.
Сондай-ақ, қазақстандық Ирина Казюлина (65 келі) ширек финалда ол өзбекстандық Динора Рустамованы 4:3 есебімен ұтты.
Ал Анастасия Панасович (72 келі) ширек финалда Чжи Сон Лиді 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдмаға ие болды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Аяжан Марқашева (53 келі), Тыныс Дубек (62 келі) алғашқы белдесуінде жеңілді.
Айта кетсек, әйелдер күресінен 13 сәуірде Диана Каюмова (59 келі) мен Эльмира Сыздыкова (76 келі) қола медаль алды.
Ал еркін күрестен ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.