НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербияда өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатында әйелдер күресінен қатысатын ел құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі дода 10-18 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді.
Әлемдік додада Светлана Анкичева (50 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі), Аяулым Қасымова (62 келі), Елена Шалыгина (65 келі), Мәдина Бақбергенова (68 келі) Жәмила Бақбергенова (72 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі) боз кілемге шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын аталған додада еркін күрестен қатысатын балуандар белгілі болды.
Сондай-ақ, грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі жарияланды.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.