Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасында кімдер бар
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сербияда өтетін еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі дода 10-18 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді.
Әлем чемпионатында ел құрамасы сапында Рахат Қалжан (57 келі), Асыл Айтақын (61 келі), Әділ Оспанов (65 келі), Сырбаз Талғат (70 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Болат Сақаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әділет Дәулімбаев (92 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі), Олег Болтин (125 келі) сынға түседі.
Күрес түрлерінен біріккен әлем чемпионаты 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Ал одан бұрын грек-рим күресінен 1904, еркін күрестен 1951, әйелдер күресінен 1987 жылдан бері ұйымдастырылған.
Қазірге дейін қазақстандық балуандар 54 (5 алтын, 18 күміс,31 қола) медаль алды. Жалпы командалық есепте жүлдеге іліккен 67 мемлекеттің арасында 32 орында тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.