АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Елек өзенінің жағасына тынығуға барып, суға батып бара жатқан әйелін құтқармақ болған ақтөбелік суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30 мамыр күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті. Олар Ақтөбе қаласы Шие бағы бау-бақша ұжымында демалып, Елек өзеніне суға түскен.
«Су айдындарын аралау жұмыстарын жүргізіп жүрген қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері 59 жастағы әйелді құтқарды. Ал суға батып бара жатқан әйелін құтқармақ болған 60 жастағы ақтөбелікті аман алып қалу мүмкін болмады. Жедел құтқару жасағының күшімен азаматтың денесі су түбінен 2,5 метр тереңнен шығарылды», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.