Әйелін үнемі ұрып келген экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі сотқа жіберілді

Фото: Фото: t.me/yyedilov

АСТАНА. KAZINFORM — Бұрынғы дипломаттың ісін енді сот қарайды. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі хабарлайды. 

— Алғашқы сот отырысы 29 мамырда өтеді. Істі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот қарайды, — делінген елорда соты таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаш биыл 4 сәуірде қамауға алынды

Еске сала кетсек, былтыр мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсеткені, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы хабарлаған едік

Артынша әйелін ұрды деп айыпталған қазақстандық дипломатқа қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ елші кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш дағдарыс орталығына орналастырылды

Кейін Карина Мамаш жеке басына қайта қауіп төнгенін айтты. 

Осы жайттан кейін әйелін ұрған экс-дипломатқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды