Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Серікбаева Мексика спортшысы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
Бұл жеңіс – Қазақстан таеквондосы үшін тарихи сәт. Ел құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет алтын жүлдені 2006 жылы жеңіп алған еді. Осылайша, араға 20 жыл салып алтын медаль қайтадан ел қоржынына түсті.
Айта кетейік, Айым Серікбаева бұған дейін Азия чемпионы атанып, жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы болған.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.
Бұған дейін Бішкекте өткен белбеу күресі турнирінде Қазақстан полиция қызметкері жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.
Қазақстандық дзюдошылардың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды.