Айканың тізімі: Елорданың полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – «Айканың тізімі» ісі бойынша фактілер тексеріліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорллық қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Қылмыстық істің Астана қаласы полиция департаментінде тергеу сатысында екенін растаймыз. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша барлық факті тексеріліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша міндетті түрде хабарлаймыз», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек, былтыр желтоқсанда интернетте қазақстандық эскорт клиенттерінің жеке деректері көрсетілген «Айканың тізімі» жарияланды. Ішкі істер министрлігі ақпараттың таралуы бойынша қызметтік тергеуді бастады, алайда бұл істі кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолға алды. 

Аталған іске қатысты Әділет министрі Азамат Есқараев пікір білдіріп, жеке деректерді жариялауға байланысты жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруға болатынын айтқан еді.