«9 тамыздағы жағдай бойынша, білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы және басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Студенттердің вакцина алуын ынталандыру бойынша университеттер арнайы іс-шараларды іске асырып жатыр. Оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар ұйымдастыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылуда», - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің дерегінше, жаңа оқу жылында педагогтердің қатарын 12 мыңнан астам жас маман толықтырады. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында жұмысқа кіріседі.
«Жаңа оқу жылындағы 1-сыныптың болжамды контингенті 380 мың бала болады деп есептейміз. Оның 97 пайызы электронды түрде 1 тамызға дейін құжаттарын тапсырды», - деді ол.