ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жарысты еркін күрес балуандары бастаған болатын. Алғашқы күні ел намысын қорғаған екі балуанымыз да жарысты аяқтады.
Бүгін 86 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуіне қатыса алмайтыны белгілі болды.
Себебі, отандасымызды бірінші белдесуінде ұтқан америкалық балуан Аарон Маркел Брукс финалға шыға алмады. Ол жартылай финалда Магомед Рамазановтан (Болгария) ұтылып қалды. Егер ол ақтық сынға шыққанда Дәулетбеков қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болар еді.
Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз бүгін алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукстен 3:4 есебімен жеңіліп қалған еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.