Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде АҚШ балуанынан жеңіліп қалды

Азамат Даулетбеков
Фото: ҰОК

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады. 

Қазақстандық балуандардан бірінші болып бозкілемге 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков шықты. Ол алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукспен кім мықтыны анықтады. Өкінішке қарай, аса тартысты өткен кездесуде Дәулетбеков АҚШ балуанынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Сонымен қатар бүгін еркін күрестен 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай ел намысын қорғайды. Ол 1/8 финалда Қырғызстан балуаны Бекзат Алмаз уулмен күреседі.

Еске сала кетейік, грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram