Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарына, түрлі байқаулар мен конференцияларға белсенді қатысып, мәдени және спорттық іс-шараларда да өздерін танытып келеді.
Академия басшылығы курсанттардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға, тәртіпке, кәсіби даярлыққа және патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Оқу теориялық білім мен азаматтық қорғау бөлімшелеріндегі болашақ қызметке қажетті практикалық дағдыларды ұштастыра жүргізіледі. Оқу орнында сапалы білім алуға, жеке тұлғалық дамуға және қыздардың азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметке сәтті бейімделуіне барлық қажетті жағдай жасалған.
Оқу орны тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі 2027 жылы өтетін академия курсант қыздарының алғашқы шығарылымы болмақ. Бұл ТЖМ кадрларын даярлау жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналып, қоғамға қызмет ету мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолын таңдаған әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Айта кетелік СҚО-да жоғары сұранысқа ие ТОП-5 мамандық белгілі болды.