Әзербайжан-Иран шекарасындағы аудандарда жер сілкінді

АСТАНА.KAZINFORM  -  Бұл туралы ақпаратты Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы таратты.

Фото: АЗЕРТАДЖ

Жер сілкінісін зерттеу бюросының мәліметі бойынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 03:53-те Ярдымлы станциясынан солтүстікке қарай 16 шақырым жерде Әзербайжан-Иран шекарасында (Иран аумағында) магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. 3 балдан астам жер сілкінісі Ярдымлы және Жалилабад аймақтарында сезілді. Жер сілкінісінің ошағы 25 шақырым тереңдікте болды.

6 қаңтар күні сағат 23:22-де дәл осы ауданда магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Бұған дейін Сицзандағы жер сілкінісіне байланысты Қытайда төтенше жағдай енгізілген болатын.

Kazinform агенттігіне АЗЕРТАДЖ серіктес агенттігі арнайы ұсынды.