Әзербайжанда диаметрі 28 мм-ге дейін жететін бұршақ жауды

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ .

Фото: Азертадж

Әзербайжанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 20 маусым күні сағат 22:00-дегі нақты ауа райы туралы ақпарат таратты.

Ведомство мәліметінше, елдің бірқатар өңірлерінде жаңбырлы ауа райы сақталған. Атап айтқанда, Нафталан, Шеки, Балакен, Оғыз және Гусар аудандарында найзағай ойнап, кей жерлерде жаңбыр жауған.

Шамамен сағат 20:10-да Газах ауданында диаметрі 10-12 мм болатын бұршақ тіркелді.

Ал арада 10 минут өткен соң, Агстафа ауданы аумағында диаметрі 25-28 мм-ге жететін бұршақ жауды. Мамандардың мәліметінше, жауын-шашын негізінен дөңгелек пішінді мұз түйіршіктері түрінде түскен.

Синоптиктер ел аумағындағы ауа райы жағдайын бақылауды жалғастырып жатыр.

Осыған дейін Ақтөбеде бұршақ жауып, үйлердің шатырын тесіп кеткенін жазған болатынбыз.