TikTok дерегінше, жойылған бейнероликтердің 99,6 пайызы пайдаланушылар шағым түсіргенге дейін анықталған. Сондай-ақ ереже бұзған контенттің 93,2 пайызы жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде өшірілген.
Әлем бойынша осы кезеңде желіден 188 миллионнан астам видео алынып тасталды. Олардың 99,5 пайызы пайдаланушылардан шағым түскенге дейін анықталса, 92,7 пайызы жарияланғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде өшірілген. Сонымен қатар жойылған бейнероликтердің 97,4 пайызы жасанды интеллект пен басқа да автоматтандырылған жүйелердің көмегімен анықталған.
Бұдан бөлек платформа жалған аккаунттар мен қолдан жасалған белсенділікті анықтау жұмысын күшейткен. Үш айда TikTok 352 миллионнан астам жалған аккаунттың ашылуына тосқауыл қойып, 6,2 миллиард жасанды лайк пен 2,7 миллиард жалған жазылушыны, сондай-ақ жалған аккаунттардан жазылған 190 миллион пікірді жойған.
Автоматты модерациялау жүйелерінің кеңінен қолданылуы әлеуметтік желілердегі контентті бақылауда ЖИ-дың маңызы артып келе жатқанын аңғартады. Дегенмен алгоритмдердің қаншалықты дәл жұмыс істейтіні және заң бұзбаған жарияланымдардың қате өшірілу қаупі де алаңдатады.
Сондықтан модерация ережелерінің ашық болуы және платформа қабылдаған шешімдерге шағымдану мүмкіндігі маңызды. Әлеуметтік желілер енді ереже бұзушылықтарды дер кезінде анықтап қана қоймай, пайдаланушылардың құқығын да қорғауға тиіс.
Бұған дейін Әзербайжан мектептерінде сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынғаны хабарланған болатын.