Әзербайжанда президенттікке үміткерлер саны 17 болды
Әзербайжанның орталық сайлау комиссиясы Аваз Темірханды 7 ақпанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысуға тағы бір кандидат ретінде ұсынуды мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Президенттікке үміткерлер саны 17-ге жетті.
Қазіргі уақытта қол қою парақтарын ұсынып, бүкіл қажетті рәсімнен өткен 3 кандидат ресми тіркелді.
Олар — ӘР қазіргі президенті Ильхам Әлиев, ӘР Әлеуметтік зерттеулер орталығы басқармасының төрағасы Захид Орудж және ӘР Милли Меджлисінің VI шақырылым депутаты Рази Нуруллаев.
Қалған өтініш берушілер заңға сәйкес өз кандидатурасын тіркеу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
ӘР заңнамасы бойынша 2024 жылғы 3 қаңтарда кандидаттардың Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес белгілі бір іс-шараларды (мәтін дайындау, бекіту және бюллетень пішіні, саны, оларды шығару талаптары) жүзеге асыру мерзімі аяқталады.
Әзербайжан президенті 7 жыл мерзімге сайланады.
Еске сала кетсек, жақында елдің орталық сайлау комиссиясы Ильхам Гейдар Оглу Әлиевтің кандидатурасын «Ени Әзербайжан» партиясының атынан президент лауазымына үміткер ретінде тіркеген еді.