Бірінші ойында, қазақстандық қыздар Ханчжоу Азия ойындарының қола жүлдегері Қытай құрамасымен кездесті.
Алғашқы тайымда отандастарымыз есеп айырмашылығын қысқартуға тырысты. Алайда, қытайлық спортшылар 25-минуттағы үзілістен кейін 5 ұпайға алдыға шығып кетті, есеп 12:17.
Екінші тайымда, Қазақстан құрамасы ширақ қыймылдап, нәтижелі шабуылдар жасады.
Алайда, қытайлық спортшылар басымдылықтарын сақтап, ұпай айырмашылығын арттырды. Қортынды есеп 24:34.
Айта кетерлігі, Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы гандбол турнирі айналмалы жүйе бойынша өтеді. Қазақстан құрамасы Қытай, қытайлық Гонконг, Өзбекстан, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Жапония командаларымен ойнайды, ал қорытынды орындар жиналған ұпайлар негізінде анықталады.
Еске салайық, ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).
Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы бақ сынайды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілді.